Жер қойнауын пайдаланудағы он жоба таныстырылды
Алматылық ғалымдар жер қойнауын пайдалану саласындағы 10 жобаны таныстырды.
Ол мұнай өндірісін арттыру, құрамында көмірсутегі бар қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған зерттеулер. Іс-шара барысында ірі компаниялардың өкілдеріне ластанған қалдық суларды тазарту технологиясы таныстырылды. Айта кету керек, осыған дейін жер қойнауын пайдалануға қатысты 62 жоба ұсынылып, 31-і қолдау тапқан. Бүгінгі өнертабыстар да инвесторлардың көңілінен шықты. Жалпы Ғылым қорының қолдауымен 200-ден астам инновациялық жоба қолға алынған. Қазір бір жобаны коммерцияландыру үшін мемлекет тарапынан 350 миллион теңгеге дейін грант қарастырылған.
Құрманғазы Омаров, ғылым қорының инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры:
- Жыл сайын басында 20 жобадан бастасақ, осы биылғы жылдың нәтижесінде 76 жоба осындай мемлекет тарапынан гранттық қаржыландыруға қол жеткізді. Яғни әр жоба бойынша 5-6 ғалым өздерінің ғылыми әзірлемелерін біздің Қазақстанның бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, коммерцияландыруға мүмкіндік алды деген сөз.