Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру қажет
Қазақстан білім сапасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму рейтингісінде 66 орынға тұрақтады.
Көрсеткіштің төмен болуына ата-аналар тарапынан оқулық мазмұнына қатысты шағымдардың көп болуы cебеп. Ұстаздардың оқу жоспарына көңілі толмауы да әсер еткен. Саладағы осы сынды өзекті мәселелер Астанада өткен республикалық ғылыми конференцияда талқыланды. Ұстаздар білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құруды ұсынды.
Гүлнәр Әбішева, «Білім сарапшылары қазақ лигасының» басшысы:
- Ұлттық бағалау өзіміздің жүйеміз жоқ. Оның болмауы білім жүйесіне қатты әсер етеді. Өйткені, Ұлттық бірыңғай тестілеу, Мадо бар дейміз. Бірақ, соған қарасмастан біз бүгінгі күні балаларымыздың оқу сапасын талдап оытрған жоқпыз. Ұлттық бағалау жүйесін дайындауға дайын болуымыз керек. Осындай конференциялар бір аттам болсын осыған жақындатар.