«Білім-инновация» қоғамдық қоры ауыл балаларына барынша қолдау көрсетіп келеді

«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры ауыл балаларына барынша қолдау көрсетіп келеді.

Дарынды балалар үшін арнайы лицей-интернат ашқан. Онда білім алатын ауыл балаларының үлесі 30 пайыздан асу үшін аудан орталықтарында іріктеу емтиханын ұйымдастырып тұрады. Сондай-ақ, тұрмыс төмен отбасыда тәрбиеленіп жатқан  оқушыларға 15 пайыздық квота бөледі. Қор еліміз бойынша 32 білім ошағының негізін қалады. Бүгінде лицейді 1800 түлек тәмамдаған. Шәкірттердің дені әлемге танымал компанияларда жұмыс істеп жатыр.

Дархан Өте, "Білім-Инновация" ХҚҚ президенті:

- Ауылға жақын бір орталықты таңдап, қор қаражатынан емтихандар өткізіп, оқимын деген, оқуға құштармын деген балаларды таңдап, БИЛ жүйесі бойынша оқытып жатырмыз. Қазіргі БИЛ жүйесінде 30% ауылдың балалары оқиды, әкімдіктермен тығыз жұмыс істеудеміз, әкімдік бізді шақырса, әрине біз барып ашуға дайынбыз. Қазір Құлсарыда, Жаңаөзенде, Екібастұзда, Арыс қаласында БИЛ мектептерін аштық.