Павлодарлық оқушылар аспан әлемін зерттейді

Аспан әлеміне көз тігуге бәрі­міз құмармыз. Павлодарлық оқушыларды да астрономия, ға­рыш әлемі қызықтырады.

Об­лыс орталығындағы обсер-ватория, жас астро-номдарды, ғарышты зерттеуші болашақ ғалымдарды оқытып үйретіп келеді. Оның мақсаты оқу­шыларды астрономия әлемі тұңғиығы қызықтарына баулып, ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арт­тыруға негізделген.

Виталий Радченко жас астрономдар жетекшісі. Ол ғарыш пен жұлдыздар әлемін зерттеуді бала кезінен армандаған. Мектепті бітірген соң басқа техникалық мамандықты таңдағанымен өмірі құпияға толы астрономия ғылымынан бір сәтке ажырамаған. 

Виталий Радченко, обсерватория меңгерушісі:

- Студенттік кезде астроном болу арманым ұмытылып кеткендей болды. Бірақ ғарыш әлемін зерттеу туралы ой көкейімнен кетпеді. Бірнеше телескоп алып, түрлі бақылаулар жүргізе бастадым. Ғылыми әдебиет оқып, білімімді кеңейттім. Сол арманның жетегімен осы обсерваторияға келдім.

9 жыл ішінде обсерваториядан жүздеген шәкірт тәрбиеленді. Олар түрлі  олимпиадаларда биіктерден көрінді.  

Дмитрий Титков, жас астроном:

- Астрономияны өзім зерттеп, түрлі әдебиеттер оқыдым. Бірақ клубқа келгелі көп нәрсе үйрендім. Бірге жұлдыздар мен түрлі табиғи құбылыстарды бақылаймыз. Ғарыш өте әдемі әрі қызықты әлем. 

Алияр Садуев, жас астроном:

- Астрономияға қызығушылығым екі жыл бұрын оянды. Сол кезден бастап клубқа келіп жүрмін. Аспан денелері, планеталарға қызыққаным соншалық, қазір олимпиадаларға қатысамын.  

Мұндай заманауи обсерватория елімізде санаулы ғана. Астроклубқа келетіндер аз емес. Шәкірттер үшін барлық жағдай жасалған. 

Гүлнәр Баубекова, қосымша білім беру педагогы:

- Оптикалық құрылғылармен жұмыс істейміз. Түнгі зерттеулер, далалық экспедициялар жүргіземіз. Осының барлығы балаларға қызық. Астрономия телескоппен жұлдыздар мен пленателарды бақылаумен шектелмейді, бұл өте күрделі ғылым. Ол физика, математикамен қатар жүреді. 

Астрономия балаларға ғылыми, сыни тұрғыдан ойлауға, дамуға көмектеседі. Ғарыш әлемін зерттеген бала зерек, білімпаз болып өседі, дейді мамандар.

Ақмарал Есімханова, Дәулет Қошқарбаев және Марат Игіліков