Астанада жас өнертапқыштар байқауы өтіп жатыр
Елордада "AMANAT TECH" әлеуметтік стартаптарды дамыту алаңы іске қосылады.
Жас өнертапқыштардың басын қосқан байқауға 200-ге жуық команда қатысқан. Олар есірткі мәселесін IT технология арқылы шешуді ұсынып отыр. Негізінен жаман әдетке әуес азаматтарға көмек көрсету, интернет арқылы нашақорлықтың зиянын хабарлау ұсынылуда.
Байқауға қатысушылар бүгін арнайы мамандардан кеңес алып, ертең жобаларын қорғайды. Жеңімпаздар IT компаниялармен келісімге келіп, стартапын іске асыра алады.
Эльдар Жұмағазиев, "Аmanat" партиясының хатшысы:
- Биыл біз есірткі мәселесін қамтып жатырмыз. Бірақ келесі жылдан бастап жаңа жобаны бастайын деп отырмыз. Ол Қазақстандағы барлық жоғарғы сынып оқушыларын және студенттерді қамтиды. Онда ең басты мәселе – лудомания, буллинг, жастар арасындағы қылмыс сынды мәселелерді жастармен бірге шешуге араласатын боламыз.
Шыңғысхан Адыхан, байқауға қатысушы:
- Веб платформа деген идеяны қарастырып отырмыз. Есірткіге жолды жабатын, қорғайтын. Зиян жағын қарастыратын проект жасап отырмыз. Телеграм бот болады. Соған кіріп, есірткі жолына тап болған адамдар анонимді түрде наркодиспансерлерге заявка тастап, арнайы көмек алып емделеді.