Жасанды интеллект роман жазады
Жасанды интелектінің ойлау қабылеті қалыптасып келеді.
Тіпті өздігінен әдеби шығармалар жаза алады. Жапондар арнайы әдеби байқау өткізіп олардың мүмкіндігін сынап көрген. Сөйтіп, қазылардың алдына 1 450 шығарма түскен. Оның 11-ін жасанды интеллект жазыпты. Бас жүлдені де иеленген жасанды интелелкт. Шығарма арнайы алгоритмдер бойынша жазылған. Ғалымдар компьютер базасына шығарманың бас кейіпкері, оқиға желісі мен қанатты сөздерді енгізеді. Өзге жолдары құпия. Атақты футуролог ғалым Рэймонд Курцвейлдің айтуынша, 2035-ші жылы компьютердің ойлау қабілеті адаммен теңеседі. Тағы он жылдан кейін озады. Сөйтіп қазіргі қоғамға роман жазатын жазушы да керек болмай қалуы да мүмкін.