Атбегілер мектебі ашылады
Ат баптаудың да оқуы болады. Ертеде тұлпарды тай кезінен таныған сыншылар, ат жаратқан үлкендер болатын.
Енді оның сынын, бағып-қағуын, жаратуды, тіпті бәйгеге шабуды сабақта үйретеді. Жылқы тұқымын асылдандыру, ауырса емін табу да осында оқытылады. Сөйтіп ат спорты мамандары дайындалады.
Қайрат Исхан, ҚАЗҰАЗУ-дың профессоры:
- 3-4 курстан бастап ат спортының хирургиясы, ат спортының акушерлік генетолгиясы және ат спортына фармацептика пәні сонымен қоса жылқыны азықтандыру, жылқыны бағыт күтіп асылдандыру, иподромдық трениг, иподромда жарату жүйесі деген пән, жылқыларды селекциялық асылдандыру көбейту, өсіру биотехнологиясы кіреді.
Тастанбек Есентаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті:
- Министрліктің жанынан өткенен кейін регистрлерге қосылады. Қосылғанан кейін келесі жылдан бастап алла қаласа спорттық мамандар дайындалатын болады. Дәлірек айтсақ екі жоғары оқу орындарында дайындалатын болады. Бірінші осы Қазақ аграрлық университетінде ат спорты маманы ветеринар дайындалатын болады. Ал енді Қазақ туризм және спорт академиясында ат спортының жаттықтырушысы деген маман дайындалады. Бұл бізге қазіргі кезде керек.
Ат спорты әлемнің бірнеше елінде дамыған. Солардың көш басында жапондар тұр. Одан кейін Германия, Канада сынды елдер бар. Біздің ел де осы жолда кәсіби маман дайындамақ. Бұл үшін екі оқулық бағдарлама да әзірленген.