Елімізде 369 мектеп жаңа форматта салынады

2026 жылға дейін 369 мектеп жаңа форматта салынады.

Онда 740 мың бала оқитын болады. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Білім мекемелері «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асады. Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Құрылыс-монтаждау барысын нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе енгізіледі. Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға құрылыстың сапасын қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтермеуді тапсырды.