Елімізді әлемдегі цифрлы көшпенділердің ордасына айналдыру қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлемдегі цифрлық көшпенділердің ордасына айналдыру қажет екенін айтты.
Ол үшін үкімет шетелдің белгілі мамандарын тарту үшін Digital Nomad Residency арнайы бағдарламасын іске қосу керек. Бүгінде еліміхде 87 мемлекеттік мәліметтер базасынан құралған дерекқор қалыптастырылған. Алайда жасанды интеллектінің озық үлгілерін жасау үшін бұл деректер базасы аздық етеді. Жасанды интеллект арқылы, бір жағынан, мәліметтер көпке қолжетімді, ал екінші жағынан, қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс. "Біз қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірістік. Ол ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болады" деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Соңғы жылдары ғылым саласына бөлінетін қаржы айтарлықтай көбейді. Соның арқасында министрліктер зерттеу институттарымен бірлесе отырып, жасанды интеллектіні өз саласында қолдануға мүмкіндік беретін жобаларды ұсына алады. Әрине, ең алдымен білікті кадрлар қажет. Үкімет осы сала бойынша озық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тиіс.