«Жас ұлан» мектептері колледжге айналады
Отандық әскери оқу орындарында мамандықтар саны артып, шетелде кадр даярлау үрдісі қысқарды.
Алдағы екі жылда үш «Жас ұлан» мектебі колледжге айналады. Бұрын колледждерге орта мектеп түлектері ғана қабылданса, енді 9-сынып бітірген жасөспірімдерді де қабылдау мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Ал әскери институттарға түсу үшін ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинау қажет. Кейін олар 4 кезең бойынша іріктеледі. Сонымен қатар мерзімді әскери қызмет барысында қырағылық танытқан жауынгерлерге білім гранты беріледі.
Руслан Жангулин, ҚР ҚМ баспасөз хатшысы:
- Біз жыл сайын 37-38 мың азаматты әскер қатарына шақырсақ, солардың 10 проценті әскерден кейін тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Қорғаныс министрлігі еліміздің 70-тен астам ЖОО-мен меморандумға қол қойған. Былтыр 3 мың орын бөлдік. Олардың 600-ден астамы қазір жоғары оқу орындарында қызмет істеп жүр.