Мәскеуде жоғары білім алып жатқан қазақстандықтың барлығы байланысқа шықты

Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде.

Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.