Елордада робототехника фестивалі өтіп жатыр

Астанада Әлихан Мақсұт атындағы «РобоЗерде» республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр.

Алғаш рет ұйымдастырылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық мектеп оқушысы қатысып, өзара бақ сынасады. Ол 2 күнге жалғасады. Техниканы тиімді құрастырып, үздік робот жасаған өнертапқыштар бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Айта кетейік, фестиваль белгілі айтыскер-ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына арналған. Шараға «Аманат» партиясы демеушілік етіп отыр. 

Бекзат Тәліп, 8-сынып оқушысы:

- Біздің дайындап әкелген жобамыз РобоСерік. Ол мәдени орында робот болып жүріп, қызметін көрсетеді. Жалпы гид қызметін атқарады. Мәдени орындарымызға туристер келсе олар еліміздің туризмін дамытады. Бір жағынан осындай тарихи орындарымыздың бар екенін бәрінің біліуіне үлес қосады.

Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты

- Баламның ғұмырымен бірге осы дүниені үзіп тастамайын деп, Әлиханның арманын әрі орындау мақсатында осы салада басқа балаларды тәрбиелеуге күш салып жатырмын. Бүгінгі жеңімпаз жастарға ақшалай сыйлық та береміз. Аз қаржы емес, 2 миллионнан аса жүлде қоры бар. Соны таратып береміз.