Тәжікстан елімізден IT саласын үйренеді
Қазақстан тәжікстандық жастарға ІТ саласының қыр-сырын үйретеді.
Astana Hub адами капиталды дамыту бағдарламасы бойынша Тәжікстанның IT-мамандарын оқытуға 100 ваучер берді. Келісім бойынша тәжік жастары веб-әзірлеу, киберқауіпсіздік, Python-ды әзірлеумен қатар ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті дағдыларды игереді. Бұл бастама қос ел арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға бағытталған. Әрі Орталық Азиядағы жастарды дамыту мен қолдау мақсатында жасалмақ.