Жазғы демалыс. Лагерьлер талапқа сай емес
Балаларға арналған демалыс орталықтары талапқай сай емес. Дені ескірген.
Үкімет салаға кәсіпкерлерді жұмылдыру үшін қолдау шараларын күшейтпек.
Атап айсақ, құрылыс шығындарының 10 пайызы мен туристік автобустарды сатып алуға жұмсалған ақшаның 25 пайызын мемлекет өтейтін болады.
Жалпы елімізде оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Айталық, Kids go free бағдарламасы аясында екі жыл ішінде 3 400-ден астам бала тегін саяхатаған. Арнайы жоба бойынша 3 мыңнан аса жеткіншек кәсіпорындар мен зауыттарға экскурсиялар жасады.