Тасқыннан соң. Бір апталық жазғы мектеп

Су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 3 600-ге жуық оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылды.

Олардың қорытынды бағасы жылдық баға негізінде қойылмақ. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Сондай-ақ қыста балаларды қашықтан оқытқан және тасқыннан зардап шеккен жеті аймақтағы 2 600-ден астам білім ошағында жазғы мектеп ұйымдастырылады.

Осылайша 832 мың оқушы үшін 27-31 мамыр аралығында оқу бағдарламасын толыққанды игеруге жағдай жасалады.

Айта кетейік, елімізде 3 млн 800 мың оқушы оқу жылын аяқтағалы жатыр. Биыл 186 мың жеткіншек мектеп бітірмек. Ал 25 мамыр күні «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу жоспарланып отыр.