Ташкенттегі Қазақстан ұйымдастырған Олимпиада балаларды математикаға қызықтыруды көздейді

Ташкентте «FEMO» VI халықаралық олимпиадасының финалдық кезеңі өтіп жатыр.

Жарысты Қазақстанның республикалық физика-математика мектебі ұйымдастырды. Онда елімізбен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Грузия және Түркиядан 340 бала бақ сынауда. Олимпиаданың іріктеу кезеңдері Астана мен Алматыда өтті. Шешуші сынды Ташкентте ұйымдастыруға қазақстандық дипломаттар ұйытқы болды. Мақсат – балалардың математикаға деген қызығушылығын дамыту әрі ел көріп, жер тануына жағдай жасау. Финалдық кезең екі бөліктен тұрады. Оқушылар жеке және топтық сында шеберлік байқасады. Марапаттау рәсімі 3 маусымға жоспарланған.

Алмас Күнгожин, республикалық физика-математика мектебі басқарма төрағасының орынбасары:

- Финалға 400-ге жуық бала өткен. 340 бала келіп отыр. Ата-аналарымен. Интеллектуальный туризм дейміз ғой, сол сияқты келіп жатыр.

Айгерім Кавкаева, ата-ана:

- Ұлымыз математикадан олимпиадаға 1-сыныптан бастап қатысып жүр. FEMO-ға бірінші қатысты. Кейін 2-сыныптан бастап физмат академияда білім алып жатыр. Олимпиадалық үйірмелерге қатысады.

Мәулен Мехкам, мұғалім:

- Біз Шымкент қаласынан қатысып жатыр. Ташкентте 3 оқушы алып келдім. Қазіргі таңда оқушыларым республикалық деңгейдегі олимпиадалардың чемпиондары болып жатыр.