60 мемлекеттік қызметші Түркияда білімін жетілдірді
Қазақстан мемлекеттік қызметшілерін бағалауда түркі елдерінің тәжірибесін енгізбек.
Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы айтты. Туризм саласын дамыту бойынша 60 мемлекеттік қызметші Түркияда білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасқан. Дархан Жазықбайдың айтуынша, бұл елде үздіксіз оқыту жүйелері жолға қойылған. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қабілеттілігін арттыру басқосудың басты тақырыбы болды. Іс-шараға қатысушы елдердің мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқару саласындағы тәжірибесі талқыланды.
Дархан Жазықбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Өзбекстан мемлекетінің тағы бір жақсы тәжірибесі, бағалауды жүйеге қойған. Бұларда қазіргі кезде автоматты түрде бағалау тесттік режимде жүріп жатыр. Бізде де 360 градусты бағалау автоматтандырылған. Бірақ та бұл кісілердің тәжірибесін бөліссек деп отырмыз.