Семейде 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталуға жақын

Семейде 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталуға жақын
www.gov.kz

2024 жылдың 20 маусымында облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков және «KAZMinerals» компаниясы өкілдерінің төрағалығымен Заря шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық мектеп құрылысы бойынша көшпелі кеңес өтті.

Кеңес барысында білім ошағының құрылыс барысы таныстырылып, өзекті мәселелер талқыланды.

Бүгінде мектеп құрылысының 80 пайызы аяқталды. 2024 жылдың 1 тамызына дейін нысанды Абай облысының білім басқармасының қарамағына тапсыру жоспарланып отыр.

 

Абай облысының әкімдігі