Қазақ студенттері машина жасауды үйренеді
Қазақстандық студенттер алғаш рет Оңтүстік Кореяның машина жасау факультетін бітіріп шықты.
Олар Қостанай өңірлік және Донг-ый университеттері арасындағы автомобиль өнеркәсібі мамандарын даярлау туралы екі жақты меморандумға сәйкес білім алды. Алдымен 3 ай бойы корей тілін үйренді. Наурыз айында үздік шыққан екі студент Донг-ыйде 1 семестр тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Бұл университет елдегі ең көне оқу орындарының бірі және әйгілі корей автомобиль корпорациясымен тығыз жұмыс істейді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет Қостанайда салынып жатқан оңтүстік кореялық автомобиль зауыты үшін кадр дайындайтын базалық жоғары оқу орны болып саналады.
Ким Хён Су, Донг-ый университетінің доценті:
- Қысқа мерзім, яғни 6 айдың ішінде олар корей тілін үйреніп, AutoCAD бағдарламасын құрастыруды үйреніп, инженерлік салада жоғары дағдыларға ие болды. Біздің түлектер ірі автоөндірушілерде, ғылыми-зерттеу институттарында және автокөлік бөлшектерін шығаратын компанияларда жұмыс істейді. Қостанай университетімен меморандум бар. Келесі семестрде Қазақстаннан бұдан да көп студенттер келеді.
Бейбарыс Батырғожин, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің студенті:
- Мені таң қалдырғаны, дәрістер кезінде біз 4-5 адамдық топтарға бөлініп, командалық жұмыс істедік. Бастапқыда Қостанайдан Пусанға 5 студент барады деген. Кейін біздің жағдайымызды көрген соң, студенттер санын көбейтті. Келесі семестрде тағы 5 студент келеді.
Темірлан Сапарбаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің студенті:
- Осында студенттердің көлік құрастыруына арналған шеберхана бар. Сондай-ақ, автомобиль өнеркәсібін зерттеу үшін әртүрлі үлгідегі жаңа технологиялар қолданылады.