Түлектердің таңдауы – гуманитарлық сала

Солтүстік қазақстан облысында биыл екі мыңдай оқушы колледжге құжат тапсырмақ ниетте.

Тоғызыншы сынып бітірген 60 бала шетелде арнаулы орта білім алуды мақсат тұтады.

Айта кетерлігі, түлектердің дені гуманитарлық саланы таңдап отыр. Еңбек нарығында жүргізілген талдаулар нәтижесі жас буынды ұстаздық және дәрігерлік қызмет қызықтыратынын көрсеткен.

«Бұған осы салада жүзеге асқан мемлекеттік реформалар оң ықпал еткені даусыз. Мәселен, қазір бірқатар колледж студенттері өндіріс орнында тәжірибелік сабақ оқып, теориялық білімін жетілдіреді», - дейді мамандар.

Әсел Оразбаева, СҚО Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Көбінесе тоғызыншы сыныптың түлектері педагогика, медицина және де қызмет көрсету саласын таңдап отыр. Педагогтер статусының пайда болуы мен медицина қызметкерлерінде көтерме ақы пайда болғандықтан да


жастар көбінесе осы мамандықтарға құжат тапсырып жатыр. Өткен жылы өңірімізде 6 мың 709 бала тоғызыншы сыныпты тәмамдап, олардың 2745-і колледждерге оқуға түсті. Араларынан 2 мың 252 адам жергілікті колледжге оқуға түссе, 629 адам республика бойынша колледжге түсті.