Алматы облысында 26 жайлы мектеп салынып жатыр

 

Мәжіліс депутаттары Қаскелең қаласындағы 1500 орындық білім ошағының құрылысын көрді. 

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 53 мектеп салу жоспарда. Соның 10-ы Қарасай ауданында бой көтереді. Өңірде 26 мыңнан астам оқушыға орын жетіспейді. Жаңа мектептерді сапалы жиһазбен жабдықтау да маңызды- дейді мамандар. Сондықтан жергілікті өндіріс цехтарына тапсырыс береді. Қаскелеңдегі жиһаз цехы былтыр 2 миллиард теңгенің өнімін өндірген. «Отандық үлесті арттыру және дайын өнімді сату аумағын кеңейту бағытында әлі де ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс. Өйткені жеңіл өнеркәсіптің мысын импорт басып жатыр.

Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізде қазір елде биылдың өзінде, осы екі жылда 369 «Жайлы мектеп» жобасы іске асып жатыр. 369 мектеп салынуы керек, биыл 217-сі тапсырысқа беріледі. Сондықтан осы сияқты өндірістер сол мектепке жалпы жиһаз апаратын бір жағынан, екінші жағынан осы жерде жұмыс істейтін азаматтарға, енді Президент айтып отыр, біз айтып отырмыз, көп жағдайда біз отандық өнімді алуымыз керек, отандық өндірушіні қолдауымыз керек.