Жетісулық өрендер робототехникадан әлемдік сайыста күміс жүлде иеленді

Қытайда робототехникадан өткен әлемдік сайыста жетісулық өрендер күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды 24kz.

Бейжің қаласында болған Ұлттық чемпионатта жерлестеріміз LEGO бағыты бойынша бақ сынады. Ел намысын Нұрсұлтан Бексұлтанов, Нұрболат Әлинұр және Бақтыбай Жолбарысұлы қорғады. Жаттықтырушысы – Альбина Қожантай. Бұл балақайлар әлі бастауыш сыныпта оқиды. Соған қарамастан, 3 күнге созылған додада талдықорғандық өрендер робототехникадан мықтылығын дүйім елге дәделдеді. Сүйіншілейтін жаңалық бұл ғана емес. Алматылық бір топ жас инженер Сиднейде Motivate Award жүлдесін қанжығасына байлады.