Таразда су шаруашылығы және ирригация университеті құрылады

Жоғары оқу орны студенттерді 1 қыркүйектен бастап қабылдайды, деп хабарлайды 24KZ.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Білім ордасы маманы тапшы салаға жоғары білікті кадрларды тұрақты даярлайтын болады. Барлығы 4 мың адам білім алады.

Айта кетейік, бұл міндетті Мемлекет басшысы биыл сәуірде жүктеген еді. Кейін ел Үкіметі бірнеше оқу ордасын қосу арқылы жаңа университет құрды.