Ақтөбе облысы Ойыл ауылында Оқушылар сарайы жаңартылып жатыр
Бос уақытын шығармашылыққа арнайтын бала көп.
Осы ретте Ақтөбе облысы Ойыл ауылындағы Оқушылар сарайында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 90 млн теңге бөлінді. Орталықта 600-ге жуық бала түрлі бағытта дәріс алады. Актерлік шеберлік, би, әншілік өнер мен сурет салу сияқты 18 үйірме бар. Мектептен тыс білім беру ұйымына балалар зор ынтамен келеді. Сондықтан мердігерге жөндеу жұмыстарын жобалық мерзімінен кешіктірмей бітіру міндеті жүктелген.
Светлана Қарабалина, Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Смета бойынша бұл жерде ішіндегі едендегі кафелдьдері ауыстырылады. Терезелері ауыстырылып жатыр, өздеріңіз көріп отырсыздар. Қазір ішке кіріп қарасаңыздар жобамен 60-70 пайыз жұмыстары аяқталды. Жоспар бойынша, келісім-шарт бойынша 1 қыркүйек аяқталады.