Жазда қосымша білім беру ұйымдарында 22 мыңнан астам іс-шара өткізіледі

Жазда қосымша білім беру ұйымдарында 22 мыңнан астам іс-шара өткізіледі
https://t.me/oqu_agartu Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ақпараты бойынша 2024 жылғы жаз айынан бастап еліміздің аймақтарында  «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында 6 мыңнан астам іс-шара өтті.

Іс-шаралар қалалық флешмобтардан бастап, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстарды қамтыды.

Бұл шараларға еліміздің әр өңірінен барлығы 270 мыңнан астам оқушы қатысты. Оқушылар педагогтермен және ата-аналарымен бірге шеберлік сағаттарына, мәдени бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер мен жаңа технологияларды үйреніп, жазғы уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізіп жатыр.

Жалпы 920-дан астам қосымша білім беру ұйымдарында мынадай қызықты іс-шаралар өткізілді:

- жаяу серуендеу және экскурсиялар: 30 мың кішкентай саяхатшы еліміздің табиғаты мен тарихи мұрасын зерттеді;

- еріктілер бригадалары: 7 мың бала қарт адамдарға, кішкентай балаларға көмек көрсетті және экологиялық акцияларға, аумақтарды тазалауға, түрлі қайырымдылық шараларға қатысты;

- челлендждер мен акциялар: 25 мыңнан астам қатысушы қолдау білдірді;

- шығармашылық байқаулар: 34 мың бала сурет, қолөнер, музыка, би және актерлік өнерде өз таланттарын көрсетті;

- танымал тұлғалармен кездесулер және спорттық жарыстар: 86 мыңнан астам бала үшін өнер қайраткерлері, спортшылар, саясаткерлер, ғалымдар шабыт пен жаңа мақсаттардың жарқын үлгісіне айналды;

- пікірсайыс клубтары: 6,5 мың бала өз идеяларын жариялауды және басқалардың көзқарасын құрметтеуді үйренді;

- концерттік бағдарламалар мен флешмобтар: 50 мыңнан астам қатысушы жерлестеріне жарқын мерекелік іс-шаралар сыйлады.

Айта кетейік, қосымша білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық жетілуіне, жеке дамуына бағытталған «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жазғы маусымы жалғасып жатыр.

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі