Шығармашылық салада мамандар даярлауға 1600-ден астам грант бөлінді
Шығармашылық салада маман даярлауға 1600-ден астам білім беру гранты бөлінді.
Бұл жайында мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр. Ведомствода шығармашылық мамандыққа мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу бойынша отырыс өтіп, онда сарапшылар еңбек нарығының қажеттіліктерін саралаған. Нәтижесінде музыкалық театр режиссерлеріне, музыкатанушыларға, реставратор-суретшілерге және сценаристерге деген жоғары сұраныс бар екені анықталды. Осыған байланысты жаңа білім беру бағдарламаларын ашып, гранттар санын көбейту арқылы осы мамандықтар бойынша кадр даярлауға назар аудару ұсынылды. Жалпы бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің 10 оқу орнында шығармашылық мамандарды оқытады. Оның 4-уі колледж болса тағы соншасы жоғары оқу орны және 2 арнайы мектеп бар. Отырысы қорытындысы бойынша, 2024-2025 оқу жылына 895 – бакалавриат, 166 – магистратура және 26 докторантураға білім грантын бөлу туралы шешім қабылданды.