Қазақстандық студенттер Қытайда тәжірибе жинап қайтты

Қазақстандық студенттер Қытайда тәжірибе жинап қайтты
www.gov.kz

Қазақстандық студенттер жазғы мектеп аясында Қытайда тәжірибе жинап қайтты.

NU-дың бес студенті Шыңжаң қаласында 25 маусым мен 4 шілде аралығында өткен The 2024 Tsinghua Shenzhen International Graduate School (SIGS) Global Summer School (GSS) жазғы мектебіне қатысты. Бұл бағдарлама жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты студенттерді академиялық тұрғыдан нәрлендіріп, мәдени және тәжірибелік алмасуға мүмкіндік береді.

2000 үміткердің арасынан таңдалып алынған NU-дың бес студенті әлемнің 34 еліндегі 63 университеттен келген 110 қатысушының қатарына қосылды. Атап айтқанда, жазғы мектепке NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенттері – Нұржайна Дубек, Камила Бисенбаева мен Мади Тургунов, сондай-ақ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенттері – Ерке Ержанқызы мен Гүлжан Нұртай қатысты. Олар Деректер және ақпарат институтының (iDI), Қоршаған орта және экология институтының (iEE), Инновация, білім, ғылым, технология және өнер ашық факультетінің (Оpen FIESTA) бағдарламаларына қатысты.

Ерке Еркежанқызы Цинхуа SIGS GSS 2024 жазғы мекебіндегі Open FIESTA бағдарламасында алынған тәжірибе елімізде инновациялар мен шығармашылықты ынталандыратын құралдармен жабдықтағанын айтты.

“IEE бағдарламасы аясында біз академиялық және тәжірибелік білім алдық, түрлі мамандармен танысып, Қазақстанда көре бермейтін урбанизация мен тұрақты дамуды байланыстыру турасында бірегей түсінік алдық. Шыңжаңның жоғары технологиялық атмосферасы, курстастармен және Цинхуа SIGS-тің үздік профессорларымен болған қанаттандыратын әңгімелер еліміздің болашағына қандай үлес қосатынымызды ойландырды”, — дейді Нұржайна Дубек.

Он күн ішінде студенттер лекциялар, шеберлік сабақтары мен түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, сарапшылар мен ғалымдардың жетекшілігімен мықты компанияларға экскурсиялар жасады.

Айта кету керек, қатысушылардың басым бөлігі Азия елдері университеттерінің альянсына кіретін жоғары оқу орындарынан келген. Олардың қатарына NU-мен қоса, National University of Singapore, University of Tokyo және United Arab Emirates University сияқты білім ордалары кіреді.

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі