Жасанды интеллект қазақша сөйлейді
Жыл соңында ауқымды модельдің қазақ тіліндегі алғашқы нұсқасы іске кіріседі.
Сөйтіп, мемлекетітк қызмет көрсету орындарында сізбен жасанды интеллект қазақша амандасып, қазақша қоштасса таң қалмаңыз. Істі де ана тілінде жүргізеді.
- Сәлеметсіз бе! Мен -«Ұмай» смарт жүйелер және жасанды интеллект институтындағы сіздің виртуалды көмекшіңізбін. Бүгін сізге қалай көмектесе аламын...
Дәл осындай виртуалды көмекшілер жақын арада кез келген халыққа қызмет көрсету орталықтары мен білім беру мекемелерінде, тіпті дүкендерде де қызмет көрсетуі мүмкін. Бұл жасанды интеллект үлгісіндегі ауқымды тілдік модельдің алғашқы қазақша нұсқасы болмақ.
Ербол Абсалямов, НУ «Ақылды жүйелер және жасанды интеллект» институты директорының орынбасары:
- Қазақ тілінде «КазЛЛМ» деген жобаны жасап жатырмыз. Қарапайым тілде айтқанда ол чат джи-пи-ти деп айтуға болады. Бірақ ол қазақ тілінде сізбен сөйлесе алады. Қойған қазақ тілінде сұраққа сізге жауап бере алады.
Иә, жасанды интелект үлгісі қазақ тілінде сіздің барлық сұрағыңызға еркін әрі сауатты жауап беруі үшін мұндағы басты жұмыс – мемлкеттік тілдегі деректер қорын жинау екенін атап өткен жөн. Мысалы қазіргі таңда виртуалды көмекшіні сөйлетуге қажет 30 миллиард қазақша дерек жинақталған. Өнімнің толық қолданысқа берілуі үшін мәліметтер қоры 100 милддиардқа жетуі тиіс дейді әзірлеуші.
Ербол Абсалямов, НУ «Ақылды жүйелер және жасанды интеллект» институты директорының орынбасары:
- Ғаламторда қазақ тілінде контент өте аз. Біз модельді қоссақ, әрине, модель қазақ тілінде болғандықтан, ол да бір контент жасай алады. Өйткені сұрақ қазақ тілінде болады, жауап қазақ тілінде болады. Солай ақпарат, мағлұмат көбейе береді.
Жобаны әзірлеуге қатысатын жас ғалым өнімді жасап шығарудағы басқа да қиындықтарды атап өтті. Бұл виртуалды көмекші адамдармен қарым-қатынасқа түсетіндіктен барынша шынайы болып көрінуі де маңызды дейді.
Жанат Махатаева, Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының аға ғылыми қызметкері:
- Біз қазір жұмыс тобымен виртуалды аватардың тұлғасын жасауға көп көңіл бөліп жатырмыз. Себебі бұл көмекші адамдармен араласып, диалог құратындықтан оның ым-ишаралары, қозғалысы, бет-әлпеті, тіпті эмоциясына дейін шынайы болып, көпшілікке ерсі көрінбеуі керек деп ойлаймыз.
Жобаға деректерді жинау қыркүйекте аяқталалы. Ал виртуалды көмекші желтоқсанда жұмысқа кіріспек.
Мөлдір Молдағали, Ырыстанбек Оспанов