AMANAT қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша 7500 мұғалімді даярлайды

Елімізде жаңа пән пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір балаларды мектеп партасынан бастап қаржылық сауаттылыққа үйрету жоспарланып отыр. «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 7,5 мың мұғалім даярланады. Биыл 80 мыңға жуық адам өзінің қаржылық сауатын арттырды. «Бұл ретте білім беру жүйесі өскелең ұрпақты заман талабына қарай бейімдеуге тиіс», – деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.