Еңбекшіқазақ ауданында үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін табады
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін табады.
Қыркүйекте Есік қаласында 900 оқушыға шақталған білім ұясы есігін айқара ашады. Мұнда бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек оқиды. Әр сыныптың аумағы 60 шаршы метрден кем болмайды. Ойын және спорт алаңдары да оқушылар жасына қарай бөлінген. Мұндай форматтағы алғашқы мектеп Ақмола облысындағы Қосшы қаласында салынды. Үшіншісін Алматыда салу жоспарда бар, дейді Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.
Сұлтанбек Мәкежанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Құрылыс басқармасының басшысын Алматы қаласындағы, жобалау институттарының басшыларын осы жерге шақырып тәжірибе алмасу мақсатында. Яғни кез-келген жұмыста олқылықтары болады, ескермейтін мәселелер болады. Мүмкіндік болса жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану мәселесі. Ең бастысы, болашақта сол жерде сапалы білім беру мәселесі қалай қамтылған.
Құлжа тас жолы кеңейтіледі
Алматының кіреберісіндегі Құлжа тасжолының кеңейтіліп жатқан 2,5 шақырымы қыркүйекте пайдалануға беріледі. Бұл қаланың шығысындағы кептелісті азайтады. Жалпы шаһардағы кептеліс мәселесін шешу үшін 2025 жылы жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын жол салынады.