«Жайлы мектеп» жобасы аясында 369 мектеп салынады

Елде апатты және үш ауысымды мектептерді азайту бағытында кешенді шаралар қолға алынды деп хабарлайды 24kz.

Бірнеше қаржыландыру көзі арқылы жаңа білім ошақтары бой көтеріп жатыр. Соның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салу жоспарланған. Ал жемқорлық арқылы жымқырылып, кейін қайтарылған қаражат есебінен былтыр 36 білім нысаны салынса, биыл тағы 25-і пайдалануға берілмек. Қолданыстағы ғимараттарды жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Биыл 270 мектепті күрделі жөндеу қарастырылған. Бұдан бөлек, қосымша білім беру орталықтары көбейеді. Былтыр осындай 12 мекеме ашылса, алдағы 3 жылда тағы 89-ын салу көзделіп отыр.

Білім беру нысандары

«Жайлы мектеп» жобасы – 369 мектеп

Қайтарылған қаражатқа – 2023 ж. 36 мектеп, 2024 ж. 25 мектеп

Күрделі жөндеу – 270 мектеп

Қосымша білім беру орталықтары 2023 ж. – 12, 2024-2026 жж. – 89