ҰБТ сертификатын қолдан жасаудың 10-нан астам дерегі анықталды

Абитуренттер де алаяқтық жасайтын болған. Елімізде жалған ҰБТ сертификатын жасаудың 10-нан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Ұлттық тестілеу орталығының мамандары мұндай жағдай биыл тіптен жиілегінін айтады. ҰБТ парағындағы жиынтық балды қолдан көбейтіп, оқуға түспек болғандар былтыр ескертумен ғана шектелсе, биыл қатаң жаза күтеді. Ресми құжаттың көшірмесін жасау – қылмыс. Әрі оның түпнұсқасын тексеретін арнайы QR-кодтар бар. «Ата-аналар да балаларға барынша ескертіп, алдын алса игі», – дейді мамандар.