Жаркентте «Жайлы мектеп» аясында 1200 орындық білім ордасы салынып жатыр
Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 1200 орындық білім ордасы салынып жатыр.
Әлеуметтік нысанды тұрғызуға 7 млрд теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған мекемені жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Шекаралы аймақтың тыныс-тіршілігімен Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев танысып қайтты. Халық қалаулысы "Қорғас" Шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймағын аралады. Кәсіпорын басшыларымен жүздесіп, өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысын көрді.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біз болашақты ойлайтын болсақ, білім саласын ойлайтын болсақ осындай мектептерді көптеп салып, ең бастысы балаларға қауіпсіз жайлы мектепті жасауымыз керек.