Биыл қазақша жасанды интеллект іске қосылады
Жыл соңына дейін қазақстандық чат джипити іске қосылады.
Жасанды интелект ана тілімізде сауатты әрі сапалы жауапты жылдам беруге дайын. Отандық платформаға қазақ тілі ғана емес, ұлттық құндылықтар да терең енгізілмек.
Жаһандағы алпауыт компаниялар да ақылды компьютерлеріне қазақша үйрете бастады. Мамандардың айтуынша, 1-2 жылдың ішінде OpenAI компаниясының ChatGP-і де қазақша еркін сөйлейтін болады. Жасанды интелект қазынамызды қашан толық игереді?
ChatGPT. Ғылыми өнертабысқа төңкеріс жасап, әлемді аузына қаратқан OpenAI компаниясының бірегей туындысы. Жасанды интелект кез келген тапсырманы жылдам орындай алады. Бірер секундта сурет салып, әңгіме жазып беруге дайын. Соңғы үлгілері тіпті ескі фотоны тірілтіп, сөзден бейне жасайды. Ең қызығы, жасанды интелектінің жады тек интернеттегі ақпараттан тұрады.
ЦИТАТА: Сэм Альтман, OpenAI компаниясының бас атқарушы директоры
Мен ChatGPT-дың әлеуетіне қарап ләззат аламын, әсіресе балалардың игіліне жарағаны қуантады. Біз кішкентай кезде ақпаратты Уикипедияны ақтарып, әзер табатын едік. Ал ChatGPT бәрін өзгертті. Тілдік модельге сұрақ қоясыз, ол қажеттінің бәрін санаулы секундта тауып береді.
Дегенмен, әлемнің ілім-білімін түгел игерген ChatGPT қазақ тілінің моделін үйрене алмай келеді. Жауаптары жиі сапасыз әрі қате. Осыған байланысты, қазір қазЛЛМ – үлкен тілдік модель әзірленуде. Бұл жоғары технологиялардың қазақшасын түзетеді. Мамандар жобаның алғашқы нұсқасын жыл аяғына дейін іске қоспақшы.
Ербол Абсалямов, ISSAI директордың операциялық қызмет жөніндегі орынбасары:
- Қазақ тілінде текстті түсінеді және де қазақ тілінде жауап бере алады. Осы жоба бойынша тек қана жергілікті мамандар істеп жатыр. Қазақстан кадрлық потенциал болады. екінші, ChatGPT АҚШ компаниясы олар қазақ тіліне қандай ақпарат салатынын біз білмейміз. қандай құндылық салатынын білмейміз, ой-пікір, салт-дәстүрді ойлай ма білмейміз. Сол үшін жергілікті модель жасалу керек.
Жаңа жобаға тіркелу ақылы болады. Алайда бағасы ChatGPT-ден арзан. Сапасы да жылдан жылға жетілдіріп отырады. Ұлттық қазына – жұмыла көтеретін жүк. Сол үшін игі іске қоғамдық бірлестіктер де кірісе бастады.
Рауан Кенжехан, «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
- Осы салада жұмыс істеп жатқан Айти компаниялармен бірігіп, балама, осыған көмек бере алатын технологияларды жасап жатырмыз. Осындай жүйелерге керекті мазмұндар, және оларға керекті ақпараттық қоры. Датасед деген ұғым бар. Сол технологиялардың талабына сәйкес белгілеп, жүйелеп бере алу өте маңыздлы болып тұр. Мұндай жүйелердің қазақ тілінде ергін жазып-сөйлеу бастауына күмән жоқ. Әрі кетсе тағы 1-2 жылдың шаруасы шығар.
Қазақ тілінің аясын кеңейтудің ең тиімді жолы – оны жоғары технологияларға енгізу. Енді бұл іс ширай түседі деген үміт бар. Себебі қазынамызды өз бағдарламасына қосамын деушілерге қаз ЛЛМ моделі ашық болады. Мамандар өнертабысын ортақ игілік үшін әлеммен бөлісуге дайын.
Ербол Абсалямов, ISSAI директордың операциялық қызмет жөніндегі орынбасары:
- Жыл аяғы біткен кезде, осы жобаның бірнеше параметрін ашамыз. Және де кез келген адам, стартап немесе компания өзінің моделін істей алады. Немесе өз мақсаттарына қарай жасай алады.
Жасанды интелект жетегіне кетіп, тіл тазалығын ұмыт қалдыруға болмайды. Қазақ тілі қоғамы кемшілікті ұсыныс арқылы түзетіп отыруға дайын екенін жеткізді. Алайда бұл іске азаматтар да атсалысу керек. Жасанды интеллект – сіз ойлағаннан да ақылды. Қатені ескертсеңіз, ол өзін өзі түзей алады.
Рауан Кенжехан, «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
- Негізгі ой қолданушылардың өздеріне жауапкершілік ала білуне келіп тіреледі. Әрқайсыңыз, Алиса болсын, басқа болсын сөзінен немесе жазуынан қате байқасаңыз, сол жерде түзеуге мүмкіндік бар. Айтып ғана қоймай, әрқайсымыз белсенділік танытсақ бұл жүйелер тез арада сапалы сөйлей бастайды.
Расымен азаматтардан да белсенділік керек. Себебі тұрғыдар қазірдің өзінде қазақша меңгерген жоғары технологиялардың пайдаланып жүр. Мысалы, виртуалды көмекші Алисаға күн сайын 200 мыңға дейін қазақша сұрақтар қойылады.
Алмаз Саденов, Яндекс поиск аға менеджері:
- Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер және ЖИ ашық еректері негіз болды. Оның командасы телешоулар мен подкасттардың 1200 сағаттық жазбаларын ашып, 600 мыңнан астам қазақ ауызекі тілінің фрагменттер базалық жиынтығын қалыптастырды. Сонымен қатар қарым қатынас сценарийлерін жасауға көмектескен лингвистерге жүгіндік.
Бекзат Аманов, тілші:
- Жоғары технологиялармен қазірдің өзінде қазақша еркін әңгімелесуге болады. Бұл бағыттағы жұмыс жеделдей түсті. Демек, алда жасанды санамен сырласып қана қоймай, оны ауқымды дүниелерге пайдалануға мүмкіндік туады. Шын мәнінде оның шығармашылық, техникалық тіпті ғылыми жұмыстарға беретін пайдасы ұшан теңіз.
Бекзат Аманов