Қазақстандық университеттерде 28 мың шетелдік студент оқиды

Ел Үкіметінің ресми сайты Ғылым және жоғары білім министрлігінің жартыжылдықтағы жұмысын саралады, деп хабарлайды 24kz.

Басты жетістіктің бірі – білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу деген қорытынды жасалды.

Қазір елде 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 600 мыңннан астам студент оқиды. Ал профессор-оқытушылар саны 40 мыңға жуықтады. Сондай-ақ қазақстандық университеттерде оқитын шетелдік студенттер саны 28 мыңға жетті.

Бүгінгі таңда өзге мемлекеттердегі білім ошақтарымен 19 стратегиялық әріптестік пысықталды. Оның 15-і – шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары. Отандық университеттер әлемдік рейтингідегі көрсеткішін жақсартып жатыр. Ғылыми зерттеулер де көбейіп келеді. Бұл іспен 425 ұйым айналысады, ал зерттеуші саны 25,5 мыңнан асады. Биыл 2 мыңға жуық ғылыми жоба, 162 ғылыми-техникалық бағдарлама, 137 коммерцияландыру жобасы іске асырылуда. Жас ғалымдар 727 ғылыми жобамен айналысып жатыр.

ЖОО – 120

Студент – 642 588

Профессор-оқытушы – 37,4 мың

Шетелдік студент – 27 969

 

Әріптестік орнаған шетелдік ЖОО – 19

Шетелдік ЖОО филиалдары – 15

Ғылыми зерттеулермен айналысады – 125 ұйым

Зерттеуші – 25,5 мың

Ғылыми жоба – 1971

Ғылыми-техникалық бағдарлама – 162

Коммерцияланған жоба – 137

Жас ғалымдар кіріскен жоба – 727