Қазақстанда қосымша білім беретін 1700-ден астам ұйым бар
Елде 2027 жылға дейін балаларды қосымша біліммен түгел қамтамасыз ету көзделіп отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір бұл көрсеткіш 81% шамасында. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сай салада 1700-ден астам ұйым жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша тағы 50 сауықтыру орталығы ашылады және кемінде 100 заманауи нысан салынады. Биылдың өзінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.