Жетекші ғалымдарға талап күшейді

Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі жетекші ғалымдарға талапты күшейтті.

Бұл қазақ ғылымын дамытып, ілгерілету мақсатында жасалып отырған қадамдардың бірі. Енді ғылыми дәрежесінің болуы, бұл бағытта кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі талап етіледі. Сондай-ақ басшылық лауазымда 3 жыл қызмет атқарып, еңбектерінің халықаралық және отандық басылымдарда жариялануы маңызды. Ескерер жайт, бұл талаптар базалық қаржыландыру арқылы жалақы алатын ғалымдарға қатысты. Сондықтан жұмыс орны да сай келуі тиіс. Бұйрық осы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап күшіне енбек. 

Білімі:                                            Ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD және т.б.

Тәжірибесі:                                   Кемінде 5 жыл

Басшылық:                                   Кемінде 3 жыл

Жариялаған еңбектері:                 Халықаралық және отандық ғылыми журналдарда еңбегін жариялау ( СОҢҒЫ 10 ЖЫЛДА )

Негізгі жұмыс орны:                    Базалық қаржыландыра алатын ұйымда жұмыс істеу