Экономикамызға жасанды интеллектті енгізу үш бағытта жүріп жатыр
Ел экономикасының түрлі саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары 3 бағытта жүріп жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сай, ең алдымен деректерді жинау үшін «Заманауи үлкен тіл моделін құру» бағдарламасы бойынша консорциум құрылды. Оған іргелі университеттер мен ғылыми орталықтар кіреді. Екінші бағыт - кадрлар даярлау. Қазір 17 жоғары оқу орнында жасанды интелектіге қатысты 15 білім беру бағдарламасы енгізілген. Бұл пәндерді 2 мыңнан астам студент оқып жатыр. Оның ішінде магистранттар мен докторанттар да бар. Ал үшінші бағыт бойынша кішігірім суперкомпьютерлер бағдарламасы енгізілді. Ең үлкен суперкомпьютер күзде жеткізіледі.
Жасанды интеллектіні дамыту
Консорциум құрылды
17 ЖОО
15 білім бағдарламасы
2196 студент
Суперкомпьютерлер қуаты 2 PFLOPS