Білім грантының иегерлері анықталды
Жаңа оқу жылына арналған білім гранттарының иегерлері белгілі болды.
Конкурсқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Бал теңдігі жағдайында 22 мыңнан астам үміткер, басым құқыққа ие болған. Оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері мен әлеуметтік осал санаттағылар бар. Ең көп сұраныс «Стоматология» мамандығына тиесілі. Мұнда бір орынға 35 талапкер таласты. Ал одан кейін «Халықаралық қатынастар және дипломатия», «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мамандықтары тұр.
Білім грантының иегерлері анықталды
104 000 - талапкер
22 000 - талапкер басым құқыққа ие
Стоматология - 1 орынға 35 үміткер
Халықаралық қатынастар және дипломатия - 1 орынға 11 үміткер
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау - 1 орынға 10 үміткер
Грант иегерлерінің тізімі осы сілтемеде