Алматылық оқушылар робототехника жарысынан жүлдемен оралды

Алматылық оқушылар робототехникадан өткен халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.

Қытайдың Гуанчжоу қаласында болған «Гуанчжоу Офф-Сизн Ивент» чемпионатына 200-ден астам оқушы қатысты. Жарыста жас өрендеріміз өздері жасаған роботтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетті.

Ақыл жастан. Білімге құштар оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сыныптарында оқиды. Командада 11 адам бар. Капитаны - Қанат Парпиев. Робототехника тілін меңгеріп күн сайын білімін жетілдіріп жүрген жастар жарыста топ жару үшін бір жыл бойы жақсылап дайындалды. Көп ізденді. Чемпионатқа өздері құрастырған роботты апарды. Қозғалысы ширақ болуы үшін компьютерлік бағдарлаудың көмегіне жүгініп, сан алуан нұсқаларды қолданған. 

Қанат Парпиев, команданың бас инженері:

- Осы роботты құрастыруға бізге 500-ден артық деталь керек болды. Басты детальдарының ішінде ол моторлар және сервер приводтар, батарея және контрал хаб. Контрол хаб ол жалпы айтқанда роботтың миы. Бүкіл процестер және есептеулер осы контрал хаб арқылы өтеді. 

Темірді «тірілту» үшін физика, химия, математика, геометрияның заңдылықтарын білу керек. Алматылық оқушылар жасаған роботтың мүмкіндігін төрешілер жоғары бағалады. Жердегі пиксельдерді теріп, тақтаға жинаған құрылғы бағдарламаны қатесіз орындаған. Робот құрастыру өте күрделі шаруа.«Кейбір бөлшектері өте қымбат, немесе мүлдем табылмайды. Бірақ ең бастысы құлшыныс пен жаңа идеяны іске асыруға деген ұмтылыс болуы керек»-дейді жас техниктер.

Асылбек Қаныбекұлы , команда капитаны:

- Қытайдағы роботқа қарағанда біздің роботтың айырмашылығы ол ауттэйк болды. Біздің ауттэйк өз осі бойынша айнала алады. Ось бойынша айналғандықтан бізге бэгдропқа мозайка жинау жеңіл болады. Мысалға біз оны 90 градусқа қойсақ болады.

Әлем чемпионатында PDI деген атпен қатысқан Қазақстан жастары «Мотивациялық команда» аталымын жеңіп алды. Бұл аталым ауызбірлігі мықты, мақсаты айқын, өз идеясы бар ұжымға беріледі. Енді оқушылар жаңа робот жасуды жоспарлап жүр.

А. Садуақас, Р.Жақыпов