ҚР ҒЖБМ: Студенттерге білім несиесі беріледі

Студенттер оқу ақысын төлеу үшін пайызсыз несие ала алады.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Осылайша, халық арасында жоғары білімге деген қолжетімділікті арттыра түспек. Сондай-ақ жауаптылар жыл соңына дейін «Келешек» жинақтау жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол білім ақысын біртіндеп жинауға мүмкіндік бермек. Алғашында мемлекет бірінші салымды құяды. Оған қоса, жыл сайын 5-7% көлемінде сыйақы да тағайындалған. Қаңтар айынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» ұлттық жобасы да басталды. Студенттер онда жиналған қаржыны білім алуға жұмсай алады.