Жоғары білім алуға пайызсыз несие беру тәртібі. LIVE

Қазақстанда жоғары білім алуға мүмкіндік беретін бірнеше жоба қолға алынды, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек» жинақтау жүйесі бар. Биыл алғаш рет пайызсыз несие беру бағдарламасы жүзеге аса бастады. Осы және өзге де білім саласындағы жаңалықтарды маманмен талқылаймыз. Студия қонағы – «Қаржы орталығы» АҚ сарапшысы Жанар Алгожина.

  1. Елде жоғары білім алуға пайызсыз несие беру бағдарламасы жасалғаны айтылды. Бұл қалай жүзеге асады? Қалай, кімдерге беріледі?
  2. Несиені қай мекеме береді? Қандай сомада?
  3. Несие алушыға қандай талап қойылады? Кімнің атына рәсімделеді?
  4. Бұл бастама қашаннан бастап жүзеге аса бастайды?