Тараздағы 154 балабақшаға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді
Таразда 154 балабақша ваучерлік негізде қаржыландырылады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл ең әуелі ата-аналар үшін тиімді. Енді олар баласын мектепке дейінгі білім беру мекемесіне орналастыру үшін бұрынғыдай кезек күтіп, құжат тасып әуре болмайды. Өздері қалаған балабақшаға электронды өтінім берсе жеткілікті. Орын болса, келісімшартқа онлайн түрде отыра алады. Бұған дейін балабақшаларға қаржыны жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде беретін. Енді ваучерлік қаржыландыру арқылы бала санына байланысты мекеме шотына аударылады.
Ләззат Әбілдақызы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Пилоттық жобаның, бұл жүйенің тиімділігі, біріншіден, ата-аналар кезекті күтпейді. Екіншіден, жан басына шаққандағы қаржыландырудың ашықтығы. Үшіншіден, балалардың осы балабақшалардағы орынның ашық түрде бақылай алуы.