Әлеуметтік осал топтарға бөлінген грант саны
Биылғы гранттық конкурсқа қатысқан түлектер саны былтырғымен салыстырғанда 11 мыңға көп.
Нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы кейінгі 3 жылда алғаш рет 99%-ға игерілді. Жалпы оқу жылына бакалавр бойынша 78 мың, магистратура үшін 13 мың, ал докторантура үшін 3 мыңға жуық грант бөлініпті. Мемлекеттік тапсырыстың 60%-дан астамы экономиканың басым салаларында кадрлар даярлауға бағытталған. ҰБТ нәтижесі бойынша қызу бәсекелестік тіс дәрігері мамандығында болған екен. 1 орынға 35 талапкер таласқан. Одан кейінгі мамандықтар - халықаралық қатынастар және аударма ісі.
2024-2025 оқу жылына бөлінген грант:
Бакалавр – 78 219
Магистратура – 13 113
Докторантура – 2 919
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Әлеуметтік осал топтарға бөлінген грант саны да жарияланды. Байқау нәтижесі бойынша 412 жетім бала, мүгедектігі бар 382 адам, көпбалалы отбасынан шыққан 3576, толық емес отбасынан шыққан 933, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан 437 талапкерге грант берілді.
Әлеуметтік осал топтарға бөлінген грант:
Жетім балаларға – 412
Мүмкіндігі шектеулі жандарға – 382
Көпбалалы және толық емес отбасынан шыққандарға – 4 509
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға – 437