Қазақстанда төрт мыңға жуық мұғалім жетіспейді 

Елімізде 4 мыңға жуық мұғалім жетіспейді.

Қалалық жерлерде 1957, ауылдық жерлердегі мектептерге 1966 педагог қажет. Мәселен, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, математика, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары тапшы. Әсіресе Қарағанды, Атырау, Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Алматы, Астана, Жамбыл қалаларында түрлі пәндер бойынша ұстаз жетіспейді. Бүгінде білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасы іске асырылып жатыр. Онда педагогтерге нақты жүктемені ескере отырып, республикалық бюджет есебінен 150 % ынталандыру ретінде қосымша ақы төленбек. Кей өңірлерде жатақхана және баспанамен қамту қарастырылған.