Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік
Елде мемлекеттік білім беру нысандарының 79%-да лицензияланған күзет қызметі бар.
Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Ол 700-ден астам адамы бар білім беру мекемелері радио байланысымен, қызметтік қарумен, жедел әрекет ету мобильді топтары бар лицензияланған күзетшілермен қамтылуы тиіс екендігін айтты. Бұл жұмысты негізінен Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары сылбыр жүргізген. Яғни білім беру мекемелері тиісті деңгейде қорғалмаған.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Күзетшілердің көбісі қарапайым вахтерлар, зейнеткерлер. Көбісі әйел азаматтар. Оның салдарын білесіздер қандай күзет болуы мүмкін ол жерде. Олардың арнайы құралдары, қарулары жоқ.
Сондықтан кез келген адамдар қауіпті заттарды кедергісіз кіргізе алады. Бұл бірнеше рет айтылған болатын. Тапсырмалар бар. Мекеме әкімшілігі күзетке қойылатын талаптарды техникалық спецификацияларды көрсетуге құқылы. Енді бұны әр мектеп істей алады.