Жекеменшік білім беру ұйымдарының жартысынан астамы қауіпсіздік жүйесіне қосылмаған
Өңірлердің әкімдіктері мектептерді лицензияланған күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған камералармен жабдықтауы қажет.
Үкімет отырысында Премьер-министр осылай деді. Бұған сәйкес Олжас Бектенов, Ішкі істер министрлігіне осы бағытта тексеру жүргізуді жүктеді. Сөйтіп бірінші қыркүйекке қарай қауіпсіздік үлесін 90 пайызға дейін қамтып, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Шұғыл түрде шара қабылдау керек. Жылуға қосылу мәселесі, Күзет мәселесі, басқа да мәселелер бойынша әкімдерге нақты жоспарлар енгізіңіздер. Бізге нақты мерзімдер көрсетілуі керек.
Биыл Ішкі істер министрлігі 2,5 мыңнан астам мектепті тексеріп, мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған. Құқық қорғау органдары арқылы 95 миллион теңгеге айыппұл салынды. Ал 340 басшы жауапкершілікке тартылды.
Ержан Саденов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Күзетудің төмен көрсеткіші Түркістан – 51 пайыз, Ақтөбе – 61, Алматы, БҚО, Қостанай обылстарында – 62 пайыз. 5274 жеке оқу ұйымдарының 65 пайызы ғана күзетке алынған. Бұл келесі облыстарда нашар ұйымдастырылған: Жетісу, Ақтөбе, Атырау облыстары. Күзетшілердің көбі қарапайым вахтерлер, үлкен кісілер, зейнеткерлер. Көбіне әйел азаматтар. Ол жерде қандай күзет болуы мүмкін?