Биыл 360 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды

Елде 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді, деп хабарлайды 24kz.

Бірінші қыркүйектен бастап шамамен 4 млн бала білім алмақ. Оның ішінде 360 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Осыған байланысты білім ордаларының біразында жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Әсіресе, Ақмола, Павлодар, Түркістан және Жамбыл облыстарында бұл мәселе өзекті. Қазір 280 білім беру мекемесінде жаңғырту жұмыстары басталып кетті. 222-сінде оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Өңірлерде оқулықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 90%-ті құрайды. Жергілікті әкімдіктер 1 млн 700 мың оқушыны тегін тамақтандыру үшін қосымша қаржы бөлді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артты.

Білім алатын оқушылар – 3,9 млн

Бірінші сыныпқа барады – 360 мың

Барлық мектеп – 7 859

Жағдайы жақсы – 6 387

Жөндеуді талап етеді – 1 290

Жоғары қажеттілік – Ақмола, Павлодар, Түркістан, Жамбыл облыстары

Жөнделіп жатқан мектептер – 280

Жөндеуі аяқталуға жақын – 222

Тегін тамақтанатын оқушылар – 1,7 млн