Елордада Орталық Азия тарихшыларының форумы өтті
Елордада Орталық Азия тарихшыларының тұңғыш форумы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
«Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты іс-шараға 70-тен аса делегат қатысты. Басқосу 3 панельдік сессиядан тұрады. Басты мақсат – тарих ғылымындағы өзекті проблемаларды талқылап, оны шешу жолын бірге қарастыру. Бұдан бөлек, жиында түрлі ел ғалымдарын ғылыми жобалар мен зерттеулерге жұмылдыру жайы сөз болды. «Оларға ірі кітапханалар мен архивтердегі құнды құжаттарды қолжетімді ету маңызды. Сонда ғана ұлттың өткені түгенделеді», – дейді мамандар.
Форум аясында сирек қозжазбалардан арнайы көрме ұйымдастырылды.
Саясат Нұрбек, ҚР ҒЫлым және жоғары білім министрі:
- Көне өркениеттер туралы жазбаша түрде көптеген дерек бар. Соларды біз бірігіп айқындауымыз керек. Тағы бір сүйіншілейтін жаңалық, осыдан 3 жыл бұрын шығыстану институтымен Ватиканның кітапханасымен қол қойылған меморандум аясында биыл тұңғыш рет біздің тарихышыларымыз Ватиканға барып, бұрын бізге жабық болған, ешқашан қол жеткізбеген қолжазбаларды ашады.
Құралай Сәрсенбина, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері:
- 70 делегаттың 50%-і – жастар. Осы форумның ерекшелігі жастарға ерекше мән берілуінде. Аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы сабатастыққа ерекше мін беріліп отыр. Орталық Азия мемлекеттерінің тұтастығы біздің болашақта да ғылыми байланыстарымызды қарқынды дамытуға тікелей себепші болады.