«Үздік педагог» байқауы басталды
Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Бұған, білім беру саласында 5 жылдан аса қызмет еткен педагогтер қатыса алады.
Жеңімпазға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті. Үш кезеңнен тұратын конкурста, алдымен аудан мен қаладан жеңімпаз атанғандар облысқа жолдама алады. Сөйтіп облыстық байқаудан ең жоғары ұпай жинаған маман республикалық деңгейде бақ сынайды. Жеңімпазға ақшадан бөлек төсбелгілер де табыс етіледі. Айта кету керек, бұл байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық «Үздік педагог» анықталды.